Ажалын жоғалтқан адам

QR - код

Ажалын жоғалтқан адам Роман

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Автор:
Страницы: 280 страниц
Место издания: Павлодар
Издатель: Сытина баспаханасы
Язык: Қазақ тілі
Хранилище: ОУНБ
Жанры Көркем әдебиет
ISBN13: 9786012844825
Қолдарыңыздағы «Ажалын жоғалтқан адам» романында автор бір кейіпкердің басынан өткен сан қилы оқиғаны суреттей отырып, жалпы адам баласына ортақ – сүю мен жеккөру, қатыгездік пен мейрімділік, екіжүзділік пен адалдық секілді түсініктерді арқау етіп, сәтті шығарма тудыра білген.
 «Ажалын жоғалтқан адам» романы – қазақ әдебиетінде сирек кездесетін детектив жанрындағы ерекше туынды. Жазушының өмірлік тәжірибелері мен көркемдік шеберлігінен өткен толымды туындының мазмұны байып, оқиғалары шымырлана түскен.
 Кітаптың бас кейіпкері Арғынның басынан өткен небір адам баласы төзбес қасірет пен қиыншылық, Құралайдың оған деген адал махаббаты шығарманың жалпы лейтмотиві десе болады. Арғынның басынан кешкен оқиғалар кешегісі мен бүгінгісі параллельді түрде өрбіп, оқырманды қызықтыра жетелеп отырады.
 роман оқиғасы кешегі кеңес дәуірінде басталып, бүгінгі тәуелсіз заманға ұласа дамиды. Роман адам тағдырының күрделі қырларын аша отырып, қылмыс әлемін, түрме өмірін, адамның адалдығы мен алдампаздығын және қоғамдағы үйсіз, баспанасыз жандардың өмірін жан-жақты сипаттайды. Шығарманың басты идеясы - қанда– ауыр жағдайда да адам болып қалу, адамгершілікті сақтау қажеттігін тереңінен суреттейді.
 Кітаптағы сан қилы кейіпкерлер, шытырман оқиғалар оқырманды еріксіз тартып, қызығушылығын арттырары сөзсіз. Шығарманың алған тақырыбы да тосындау, сондай-ақ, тілі оралымды, жеңіл оқылады, сол себептен өз оқырманын табады деп білеміз.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.