| Автор: | Торайғыров Сұлтанмахмұт |
| Страницы: | 488 страниц |
| Место издания: | Алматы |
| Издатель: | Өлке |
| Язык: | Қазақ тілі |
| Хранилище: | ОӘҒК |
| Жанры | Көркем әдебиет |
| ISBN13: | 9786012530865 |
Бұл жинаққа Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) шығармалары «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары мен «Адасқан өмір», «Айтыс» поэмалары, өлеңдері және ақынның өмірі мен шығармасын зерттеген қосымша әдеби және әдістемелік материалдар енгізілді. Оқушы ақынның шығармаларын кеңінен түсініп қана қоймай, Сұлтанмахмұтты ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, өз заманының ағартушы, қоғам қайраткері peтінде танып, біледі. Кітаптың кіріспесі Өмірхан Әбдиманұлының ақынның өмірбаяны мен творчествосын зерттеген мақаласымен басталады. Жазушылар Серік Қирабаев, Әбіш Кекілбайұлы, Дандай Ысқақұлының С. Торайғыровтың шығармашылығы мен өмірін зерттеген мақалалары да енгізілген. Кітап жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия, лицейлердің оқушыларына, жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге, студенттерге, жалпы көпшілік оқырманға арналады.