| Автор: | Мәшһүр-Жүсіп Қуандық |
| Страницы: | 254 страниц |
| Место издания: | Павлодар |
| Язык: | Қазақ тілі |
| Хранилище: | ОУНБ |
| Жанры | Тіл білімі |
| ISBN10: | 9965568565 |
Бұған дейін аталған автордың мектепте қазақ әдебиетін, тілін оқытуға арналған «Көркем сөздің құдіреті» (Павлодар, ЭКО, 2000 ж., 286 б.) кітабы шыққаны белгілі. Автор бұл жолы сол кітаптың толықтырылып кеңейтілген нұсқасын ұсынып отыр. Мектепте қазақ әдебиетін оқытуда орын алып келген олқылықтар аз еместігі талас тудырмаса керек. Солардың ең бастысы: шығарма мазмұнын жалаң баяндаумен шектелу, туындының көркемдік сипатына, автордың сөз нақыштау шеберлігіне үңілте алмау десек, ұсынылып отырған оқу құралы сол күрмеулерді шешуге бағытталған. Кітап қазақ әдебиеті мен тілінен сабақ беретін ұстаздар қауымына және көркем әдебиет сыр-сипатын кең дәйектегісі келген әдебиетші мамандарға арналады.