Шындықпен бетпе-бет, Ар алдында

QR - код

Шындықпен бетпе-бет, Ар алдында Өлең жинақтары

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Автор:
Страницы: 222 страниц
Место издания: Павлодар
Издатель: ЭКО
Язык: Қазақ тілі
Хранилище: ОӘҒК
Жанры Көркем әдебиет
ISBN10: 9965085250

    Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, керекулік ақын Арман Қанидың бұл жыр жинағы негізінен Алматыдағы «Қазақпарат» баспа корпорациясының баспаханасынан 2006 жылы жарық көрген «Шындықпен бетпе-бет» атты жинағына енген туындыларынан тұрады. Өлеңдер мәні мен тақырыбының орайластығы бойынша төрт бөлімге топтастырылған. «Егіз әуен, екі жұрт» аталатын бірінші бөлімде атамекен, туған жер туралы сыршыл жырлар қамтылған. «Бостандық тұлпары» бөліміне қилы тарихи кезеңдердегі күрделі оқиғаларды суреттейтін саяси, азаматтық жырлар енген. «Шындық елесі» лирикалық қаһарманның өміріндегі күйінішті де, сүйінішті жайттарды бейнелейтін туындылардан құралса, «Өнердегі өмір» ақындардың, өзге де шығармашыл адамдардың ерен тағдыр-талайын, дүниетанымын ашып көрсететін сыршыл өлеңдерден құралған. Эпикалық баяндау мен лирикалық толғаудан тұратын «Акшабике» поэмасында тарихи аумалы-төкпелі кезенде, ел бірлігін сақтау мақсатында, сүйген жігітін опат қылып, өзін де мерт қылған қаһарман қыздың бейнесі сомдалған.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.