| Автор: | Нұрұшев С.Н. |
| Страницы: | 128 страниц |
| Место издания: | Алматы |
| Издатель: | Қазмемкөркемәдеббас |
| Язык: | Қазақ тілі |
| Хранилище: | ОӘҒК |
| Жанры | Көркем әдебиет |
«Қазақ халық мақалдарының даму тарихынан» XIX ғасырдағы қазақ әдебиетіне, соның ішінде мақалдарға орыс мәдениетінің қандай әсері тигендігін зерттеумен байланысты жазылған еңбек. Солай болғаннан кейін оның осы мақсатқа сәйкес кейбір ерекшеліктері де бар.
Кітапта екі бөлім бар. Олардың алғашқысы, «Қазақ мақалдарының Қазақстан Россияға қосылудан бұрынғы тарихынан», мақалдардың талай ғасырларға созылған ұзақ тарихын қысқаша түрде жалпы шолуға арналған да, екіншісінде, «Қазақ мақалдарының Қазақстан Россияға қосылғаннан кейінгі тарихынан», мақал жанрының бұрынғының үстіне дами түсуіне орыс мәдениетінің қандай әсері тигендігін көрсететін фактылар қарастырылған. Бұл жанрдың жалпы алғанда қалай дамып келгендігі, даму қарқынының соңғы кезеңде әлдеқайда күшті болғандығы осы екі бөлімдегі фактылардың жайын өзара салыстырудан неғұрлым айқынырақ көрінеді.
"