Абай: Даналық дәрістері

QR - код

Абай: Даналық дәрістері

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Автор:
Страницы: 400 страниц
Место издания: Алматы
Издатель: Өнер
Язык: Қазақ тілі
Хранилище: ОУНБ
Жанры Әдебиеттану

 Кітапта ұлы Абайдың бүкіл шығармашылық мұрасы тұтастай алынып, түгел қарастырылған. Кіріспе тарауда абайтанудың ғасырлық тарихының басты-басты кезеңдері сөз болады. "Қалың елім, қазағым" атты екінші тарау патшалық бодандықтың әбден асқынған кезеңіндегі халқымыздың тарихи тағдырына, отарлық салдарынан күрт өзгеріске түскен өмір салтындағы, мінез-құлқындағы келеңсіз жайттарға арналады. Үшінші тарауда ақынның ел-жұртын сондай тығырықтан дұрыс жол тауып шығуға, елдік пен бірлікке, еңбек пен оқу-білімге, адамгершілік қасиеттерге шақырған шығармалары талданады.

 Ұлы ұстаздың шығармасын зерделей келгенде ұрпақтар алдынан туындайтын екі үлкен ақиқат бар. Бірі - Абайдың өз шығармаларындағы даналық тағылымы және екіншісі - кейінгі өнерпаз ұрпақтар алдына тартылатын Абай дәстүрі, яғни оның кейінгі бүкіл ұлттық әдебиет пен өнерге тигізетін ықпалы.

 Еңбек ғылыми-публицистикалық тұрғыдан оқырман қауыммен сырластық түріндегі зерделеу стилінде жазылған.        

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.